28.07.2023, 16:45
Оқылды: 146

Қайтыс болған адамның несиесін кім төлейді?

Қайтыс болған адамның несиесін кім төлейді? Бұл сұраққа заңгер Бердімұрат Хасенұлы жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖП ақша 2

Заңнама бойынша адамның мұрасы 6 айдан кейін ашылады.

"6 айдан кейін қайтыс болған адамның мұрасы болса, мұрагерлерінің арасында мүлкі бөлінеді. Осы мүлік бөлінген кезде қайтыс болған адамның берешегі банк немесе микроқаржылық ұйым сол мұрагарлерінен талап етеді. Ол заңнама бойынша дұрыс. Бірақ қайтыс болған адамның басында мүлік, ешқандай мұра болмаса, мұрагерлері ешқандай игілік алмаса, материалды онда банк олардан талап етуге құқылы емес. Банк берешекті өзі жабуы керек. Адамның қайтыс болуына байланысты кредиттік шарт тоқтатылады", - дейді заңгер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале