28.07.2023, 17:00
Оқылды: 49

Жастар тынысын ашқан орталық

Белсенді жастардың жұмысын насихаттап, қолдау көрсету үшін Тасқала ауданында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызмет етеді. Бүгінгі әңгімеміздің арқауы осы орталықтың басшысы Аман Байғалиұлы жайлы болмақ.

жастар (14)

Аман Байғали 1990 жылы Казталов ауданына қарасты Қарасу ауылында дүниеге келген. Отбасында ата-анасы және төрт бауыры бар. Сол ауылдың мектебінде үш ай оқып, кейін оқуын Тайпақ ауылында жалғастырып, 9-сынып бітірген. 2006 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде оқыса, 2012 жылы ҚазИИТУ, 2023 жылы БҚИТУ-ды тәмамдаған. Бұған дейін «МАРГЕН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде менеджер болып екі жыл еңбек етеді. Өзінің жеке кәсібі де болған. Бірақ  2017 жылы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа маман болып қызметке орналасқан. Содан бес жылдай көлемінде маман, 2022 жылдың қазан айынан бастап аталмыш орталықта басшы қызметін атқарып келеді.

Жастар мәселесі (1)

 Жастар орталығының жетістігі басқа аудандарға қарағанда оқ бойы алда келеді. «Жастар бағдарламаларын қолдау және ақпараттық талдау бөлімі» құрылып, қосымша бес штат ашылды. Оған дейін де жасалып жатқан жұмыстың басы-қасында жүрген орталық басшысының айтары мол. Осы орайда Аман Байғалиды әңгімеге тартып, жастардың қазіргі таңдағы тыныс- тіршілігінен хабардар болған едік.

жастар (13)

 – Бүгінгі күні аудандағы жастар саны 3426-ны құрайды. Ең алдымен жастар орталығы болғандықтан, оларға арналған пайдалы, жақсы жобаларды жүзеге асырып отырмыз. Бұған дейін бізде рекордтық жағдай – «Жасыл ел» бойынша 150 адамды қамтыған болсақ, биыл 180 адамды жұмыспен қамтимыз. Аудан жастары арасында «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары кеңінен танымал. Кейінгі жылдары қолға алынған NEET жастар жобасы да олардың әлеуметтенуіне ықпал етті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталмыш жоба аясында жұмыссыз 230 жасты еңбекке баулу қажет болса, қазіргі таңда олардың саны 57-ге түсті. Мақсатымыз –жұмыссыз азаматтар қатарын азайту.

жастар (1)

Жақында Мәжіліс депутаты Нұртай Аралбайұлы ауданға келіп, тыныс-тіршілігімізбен танысты. Сол кезде жастардың жанайқайын жеткізген болатынбыз. Ең әуелі оларға керегі – баспана. Ресурстық орталық қызметкерлерінің жалақысын өсіру немесе «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен берілетін ақшасын көтеру жайлы ұсыныс тастадым. Аудан әкімдігімен бірлесе отырып, осы мәселелер жоғарыға жеткізілсе, жүзеге асса, игі болар еді. Аудан орталығында жастарды тұрақтандыру мәселесін қолға алу, баспана, жұмыс жайын шешу секілді шаруалар тұр. «Жасыл ел» секілді «Еңбек» бригадасын құру да жоспарда бар. Аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, қыз-жігіттерді жұмысқа тарту, жастар саясатын белсенді түрде дамытуға ден қойылып жатыр. Аталған стратегияның негізгі мақсаты – жастар бойындағы отансүйгіштік, қамқоршылық секілді қасиеттерді дамытып, құндылықтарды қадірлеуге үндеу, жастар арасындағы кәсіпкерліктің кең қанат жаюына ықпал ете отырып, жастарды тұрақтандыру, азаматтық қоғамды қалыптастыру, – дейді Аман Байғали.

Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген жастар ресурстық орталығы қызметкерлерінің еңбегі зор десек, қателеспейміз. «Жігіт сұлтаны», «Қой қырқу» сайыстары соның дәлелі. Республикалық «Жайдарман» ойындарында Тасқала ауданының намысын қорғаған «Жұдырық» командасы бас жүлдені иеленген болатын. Айта кететіні, тележүргізуші Ардақ Мұратқызының қолдауымен екі бірдей жоба «Қазақстан» ұлттық арнасында жарық көрді. Бұл – аудан жастарының үлкен жетістігі.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале