28.07.2023, 20:25
Оқылды: 53

Жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін Самғау коворкинг орталығында Жаңақала аудандық мешітінің ұстазы, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық оралығының теолог маманы Диана Қазбекқызы, аудандық жасөспірімдер инспекторы Русланбек Нұрболатұлы және учаскелік полицей Нұрғиса Оралбайұлының қатысуымен «Сыбайлас  жемқорлық-  қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

image-28-07-23-06-17-1

Алдымен Райдоллина Диана сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі деп сөз бастады. Жемқорлықтың ең қауіпті түрі парақорлық екендігін және оны түп-тамырымен жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажеттігін айтты.

image-28-07-23-06-17-3

Қасиетті Құраннан пара алып, пара беруге қатысты аяттар оқыды. Ешкімге сөзбен де, іспен де зиян келтірмеуге шақырды. Әрі қарай, Р.Джулаев кәмелеттік жасқа жетпеген балалардың құқықтарын көрсете отырып, қандай жағдайда заң бұзушылықтың орын алатыны туралы баяндады. «Жан демеуші» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, жеке кәсіпкер Жансая Талғатқызы жиналған жасөспірімдерге сәттілік тілеп, өзінің шағын сыйлығын табыс етті.

image-28-07-23-06-17-5

Жеткіншектерге жемқорлықтан келер зиян туралы бейнежазба көрсетіліп, шараны қорытындылады.

Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті. Ең алдымен, әркім өз бойындағы әділдік, инабаттылық сияқты моральдық қасиеттерді барынша дамыту қажет. Адалдықты кез келген адам өмір сүру қағидасының басты ұстанымы ретінде қабылдап, барлық отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

image-28-07-23-06-17

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале