9.08.2023, 16:30
Оқылды: 38

Шілдеде Электрондық еңбек биржасында түйіндемелер саны екі есе өсті

Шілдеде Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 98 мың бос жұмыс орнын, ал ізденушілер 93,4 мың түйіндеме орналастырған. Маусым айымен салыстырғанда бос орындар саны 8,1 мыңға, ал түйіндеме – 38,8 мыңға өскен. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

f6e7079d5511d2962bf09ab84f1e5abe_1280x720

Ең көп бос жұмыс орындарын басқа қызмет түрлері кәсіпорындарының, негізгі және жалпы орта білім беру және ауыл шаруашылығы саласының жұмыс берушілері орналастырған.

Шілде айында жұмыс берушілер арасында біліктілігі жоқ мамандармен қатар колл-орталықтардың операторлары, автомобиль жүргізушілері, сондай-ақ күзетшілер үлкен сұранысқа ие болға.

Бұл ретте маусым айымен салыстырғанда халықты әлеуметтік қорғау қызметінің мамандарына, тігіншілерге және арматурашыларға сұраныс артқан.

«Шілдеде орналастырылған түйіндемелерге келетін болсақ, олардың санының айтарлықтай өсуі біліктілігі жоғары ізденушілер тарапынан белсенділіктің артуы салдарынан болды. Жалпы, олардың саны өткен аймен салыстырғанда екі есе, яғни 22,8 мыңнан 46,8 мың адамға дейін өсті. Шілдеде жоғары білікті мамандардың түйіндемелері санының артуы байқалды. Ізденушілер белсенділігінің барлық өсімінің 61%-ын құрады», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Стратегия және үлкен деректерді талдау департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.

Бұл ретте шілдеде жоғары білікті мамандардың түйіндемелерінің жартысына жуығы (11,5 мың бірлік) бастауыш сынып мұғалімдері, орта мектеп мұғалімдері және пән мұғалімдері кіретін орта білім берудің педагогикалық мамандықтарынан түсті. Өткен аймен салыстырғанда аталған мамандардың түйіндемелерінің саны 7,4 мыңға артты. Осылайша, түйіндеме санын көбеюінің негізгі факторы жаңа оқу жылының жақындауы және жоғары оқу орындары түлектерінің еңбек нарығына келуі болды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласының жоғары білікті қызметкерлері тарапынан белсенділік артты. Медбике, мейіргерлер, фельдшерлер және медицина саласындағы басқа да ізденушілер орналастырған түйіндемелер саны екі есе өскен.

«Жас ерекшеліктері бойынша, маусым айындағыдай, жұмыс іздеушілер арасында ең белсенді топ 19-24 жас аралығындағы жастар болды, оларға барлық түйіндемелердің 27%-ы тиесілі болды. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа дейінгі, яғни 55 жастан асқан ізденушілердің түйіндемелері 5%-ды құрады», – деді Ұлпан Шегенова.

Сұралған жалақының ең жоғары мөлшерін көбінесе өз түйіндемелерінде паровоз машинистері (орта есеппен 1,7 млн теңгеден бастап), коммерциялық кәсіпорындар директорлары (1,6 млн теңгеден бастап), сондай-ақ тау-кен ісі жөніндегі инженерлері (900 мың теңгеден бастап) көрсеткен. Өз кезегінде жұмыс берушілер инженер-гидрологтарға (800 мың теңгеден бастап), бағдарламалық қамтамасыз ететін сәулетшілерге (750 мың теңгеден бастап) және өнеркәсіптегі бөлімше бастықтарына (696 мың теңгеден бастап) ең көп жалақы ұсынды.

Осылайша, шілде айында ЭЕБ-да жаңа оқу жылының басталуына байланысты мұғалімдерге және тамыздағы егін жинау науқанына дайындыққа байланысты ауыл шаруашылығы мамандарына сұраныс жоғары болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале