10.08.2023, 17:00
Оқылды: 63

Кітап оқудың пайдасы қандай?

Назарларыңызға кітап оқудың 30 пайдасын ұсынамыз.

  1. Білім аласың, жаңаны үйренесің.
  2. Жақсыдан үйренесің, жаманнан жиренесің.
  3. Көңіл көтересің.
  4. Уақыт пен кеңістікке саяхаттайсың.
  5. Өмірде күнде кеше бермейтін сезімдерді бастан өткересің.
  6. Қиялыңа қанат бітеді.
  7. Әлемге түрлі адамның көзқарасымен қарап үйренесің.
  8. Жанашырлық сезімің күшейеді.
  9. Жаңа сөз үйреніп, сөздік қорыңды байытасың.
  10. Күлесің, кейде көңілің босайды, әсерленесің.
  11. Жүйкең тынышталып, жан дүниең жайма-шуақтанады.
  12. Ұмыт қалған арманың, мүлгіп кеткен мақсатың оянады.
  13. Сезіміңді сөзбен суреттей алатын боласың.
  14. Әлемді танисың, өзіңді танисың.
  15. Уақытыңды мәнді өткізесің.
  16. Өмірдің кейбір сәттерін еске түсіресің.
  17. Әртүрлі кейіпкерлер арқылы адамның шынайы табиғатымен танысасың.
  18. Идеалға ұмтыласың.
  19. Жігерленесің, әрі шабыттанасың.
  20. Ғажайып әлемге еніп, күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт болса да сергіп қаласың.
  21. Өзіңді өзің тәрбиелейсің.
  22. Кейіпкерлер арқылы өзіңді және төңірегіңді түсінесің.
  23. Ойлау көкжиегің кеңейіп, ой түйесің.
  24. Балаларыңа ғажап әлемнің есігін ашасың.
  25. Өмірдің мүмкіндіктерін көре білесің.
  26. Өзіңді табасың, өмірдің мәнін табасың.
  27. Дене бұлшық етін спортпен шынықтырсаң, миды кітап оқумен шынықтырасың.
  28. Жалғызсырамайсың.
  29. Ойыңды еркін жеткізетін боласың.
  30. Жазуың түзеледі.

Шыңғыс Мұқан,

белсенді блогер, 2007-2010 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры,

«Mazmundama» баспасының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале