Монреальдағы WTA-1000 турнирінің үшінші айналымындағы матчта Елена Рыбакина америкалық Слоан Стивенспен (38 WTA) кездесті. Ойын қазақстандықтың пайдасына 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.
Фото: Елена Рыбакинаның instagram парақшасынан
Матч 1 сағат 15 минутқа созылды. Рыбакина сегіз брейк-пойнттың төртеуін жасап, жеңіске ұмытылды.
Әлемдік рейтингтің 4-ші орында тұрған Елена Канададағы жарыстың ширек финалында ресейлік теннисші Дарья Касаткинамен (әлемнің 14-ші ракеткасы) ойнайды.