13.08.2023, 14:11
Оқылды: 17

Тегін үйірме — «Ортада»

Сырым ауданында «Даму бала» бағдарламасы бойынша «Орта» дарынды балалар орталығы ашылды. Бүгінде жұмыссыз тұрған «Мерей» мейрамханасының ғимараты орталыққа бейімделіп, балалардың шығармашылығын шыңдау үшін қызмет етпек.

WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.58.36 (1)

Ашылу салтанатына Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып,  балалардың болашағы үшін ашылған орталыққа шынайы қуанышын білдіріп, құттықтады.

WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.58.36

«Орта» орталығының негізін қалаушы  Айгүл Қажмұханова сөз алып, балалардың  талабын шыңдап, қарым-қабілетін ашуда аянып қалмайтынын айтты.

WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.09.43

Лента қию рәсімін аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов пен орталықтың  аудандағы өкілі Гүлжанат Бисалиева жүргізді.

Айта кетейік, «Даму бала» платформасы мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша балаларға арналған тегін шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды ұйымдастырады. Ұсынылған секциялардың ішінен ата-ана баласына ұнайтын үйірмесін таңдайды.  4-17 жас аралығындағы балалар тіркеле алады.WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.09.44 (1)

– Бұл орталықты ашудағы мақсатымыз – мемлекеттің беріп отырған үлкен мүмкіндігінен біздің ауданның да балалары тыс қалдырмай, облыстық, республикалық, әлемдік деңгейге шығару. Үстел теннисі, шахмат үйірмесі, би, дзюдо, домбыра, сурет, шешендік өнер үйірмелерінде 200 бала тәлім алуда. Жұмысымызды бастағанымызға бір айдың үстінде уақыт болды. Осы мерзімде бұрын қолына домбыра ұстамаған балаларымыз аспапты меңгеріп алды, -дейді Айгүл Қажмұханова.

WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.09.45

Аудан басшысы орталықты аралап, балалардың өнерлері мен шығармашылықтарын тамашалап, олармен естелік суретке түсті.

WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.09.46

WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.09.47

WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.09.43 (2)

WhatsApp Image 2023-08-13 at 11.09.43 (1)

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале