15.08.2023, 15:45
Оқылды: 32

Ердің соңы Исатай...

 

Біле жүріңіз!

 

Жалпы Исатай көпшілікті ерте алар ел бастаушысы болғаны анық. Батырдың ханның қарсыластары Қайыпқали Есімұлы мен Науша Қаржауұлын өзіне жақтастыққа алуы оның шеберлігі болатын. Исатайдың көсемдігі, халықшылдығы туралы көп жырлаған адамның бірі - Махамбет.

95037d7e-b193-47d7-a89a-2c366d37e7b1

Фото: iie.kz

Оның Жәңгірге айтқан мына бір өлеңінде:

«...Арыстан еді-ау Исатай,

Нетесің тақсыр табалап,

Құрттайымда өсіп ем,

Бауырына паналап» деген жолдары бар.

Тіпті Махамбеттің батырдың мақсаты мен тілегін кейінгілерге өсиет етіп айтқан:

«...Сәлем айтып кетейін,

Артыма қалған ерлерге,

Арманымды айтайын,

Найза ұстаған ерлерге,

Арыстан туған Исатай,

Дегеніме жете алмай,

Арманда өліп кетті деп» деген  өлеңдерінде Исатай батырдың арманына жете алмай, опат болғаны шынайы суреттелген.

Халық Исатайдың көсемдігін қашанда мойындап, батырлығына арқа сүйеп, қасынан бір елі қалған емес. Ол туралы кеңіннен жырлаған жыраулардың бірі - Шернияз шешен. Оның:

«...Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас,

Қас етсең қасыңа да адам жумас,

Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ,

Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас» деп Баймағанбет сұлтанға айтқан өлеңі ел ішінде кеңінен жайылған жырдың бірі.

 

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале