16.08.2023, 0:34
Оқылды: 76

Халық қалап, әкімін сайлады

13 тамызда Достық ауылдық округінде өткен сайлау кезінде айқын басымдықпен жеңген аталмыш округтің бұрынғы басшысы Әбубәкір Төлеуов аудан әкімінің өкімімен 15 тамызда өз лауазымына қайта тағайындалды.

IMG-20230815-WA0100

Осыған орай Достық ауылдық округі әкімдігінде өткен актив жиналысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов атап өткендей, достықтықтардың сайлауға қатысу көрсеткіші жақсы. Яғни сайлаушылар тізіміне енген 3237 адамның 1656-сы (51,2%) келіп, өз таңдалауларын жасады. Нәтижесінде тіркелген үш кандидаттың ішінен Әбубәкір Төлеуовке 1450 (91,2%) сайлаушы өз дауысын берді. Сөйтіп ол Достық ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

IMG-20230815-WA0102

- Әбубәкір Қамбарұлы бұл ауылды он жыл басқарғанымен, оны тәрбиелеген осы ауыл тұрғындары, әсіресе аға буын өкілдері екені аян. Достықтықтардың кешегі сайлауға ұйымшылдықпен қатысуы, өздері тәлім-тәрбие берген жанға сенім артуы - соның айғағы. Дегенмен де алда тұрған міндет-мақсат зор. Сайлау алдында ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту бағытында берген уәделері бар. Аудан әкімі де келесі сайлауға дейін ол осылардың бәрін орындап, елдің, басшылықтың сенімінен шығады деген үмітте,-деді актив жиналысына төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев.

IMG-20230815-WA0104

Содан соң сөз алған Достық ауылдық округі жергілікті қауымдастығының төрағасы Мақсот Әлменов сайлау алдында ауылда өткен саяси дебаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Әбубәкір Қамбарұлы онда да қарсыластарынан оқ бойы озық болғанын жеткізді. Ауыл тұрғыны Мирас Ғұмаровтың айтуынша, әкім қарапайым, еңбекқор, елге жақын, әрқашанда білмегенін үйренуге бейім болуы керек. Ә.Төлеуов – сондай жан. Сол себепті де ауыл тұрғындарының басым бөлігі оны қолдады. «Бұрындары жұмыс істеген кезімде біраз адамға жетекшілік жасаған едім,-деді ол. -Қоластымдағы қызметкерлердің бәрімен бірдей тіл табысу оңай еместігін сол кезде анық байқағам. Ал Достық ауылдық округінде 5 мыңнан аса тұрғын бар және олардың көбі - басқа аудан, өзге өңірлерден келіп қоныстанғандар. Әбубәкір Қамбарұлы тұрғындарды жақсы таниды, олармен жақсы қарым-қатынаста. Ауылымыздың болашағы үшін бірлесе еңбек етеріне сенеміз».

IMG-20230815-WA0101

Зейнеткер Нина Тупикова бұрынғы әкімінің қайтадан ауыл басшысы болғанына қуанышты. Себебі ол ауыл үшін көп нәрсе істеген. Оның игілігін тұрғындар көріп отыр. «Биыл аудандық мәслихат депутаты болған Ернар Хайдаров екеуі Достықты жаңа деңгейге көтеретіндеріне біз үміт артамыз» деді Нина Тупикова.

IMG-20230815-WA0103

Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Зәуре Бәйкенова, еңбек ардагері Гүлбаршын Бисенова да өздерінің игі тілектерін арнады.

-Осы сайлауда халық пен биліктің арасындағы жақындық анық сезілді. Ауылдастырымыз оған науқандық саяси шараның бірі ғой деп қарамай, таң демей, түс демей, кеш демей сайлау учаскелеріне келіп жатқанын көріп қуандым. Артылған сенімді Әбубәкір Қамбарұлы екеуміз көпшіліктің қолдауымен, аудан басшылығының демеуімен орындаймыз деп ойлаймын,-деді  аудандық мәслихат депутаты болған Ернар Хайдаров.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале