16.08.2023, 15:00
Оқылды: 80

 Egov.kz порталында құжаттарға өзгеріс енгізуге болады

Енді қазақстандықтар eGov.kz порталында туу туралы куәлікке, аты-жөнін өзгертуге, неке қию және ажырасу, бала асырап алу, қайтыс болу туралы актілік жазбаларға өзгеріс енгізе алады. Бұл туралы  «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған қызметті электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» - «Отбасы» бөлімінен табуға болады.

egov

- Біраз қазақстандық eGov.kz порталында актілік жазбаларға өз бетінше өзгеріс енгізуге болатынын біле бермейді. Мұнда Сіз туу туралы, неке қию туралы және некені бұзу туралы куәліктер секілді құжаттарға енгізілген өзгерістерді қоса алып, оларды қайта шығаруға өтініш бересіз. Мәселен, егер бұрын адамның тегін өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болса, қазір оны электронды түрде жасауға болады және ол үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ, - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Қандай жағдайларда құжаттарға өзгерістер енгізуге болады?

  • тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде;
  • әке болу туралы сот шешімінің күші жойылғанда;
  • некеде тұрмаған ананың туу туралы актілерді тіркеу кітабына баланың  әкесі туралы мәліметтер енгізу жөніндегі өтініштің;
  • егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздердітастап кету) жіберілген болса;
  • азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда;
  • некені бұзуға немесе некенің жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде;
  • ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты;
  • ұлты өзгерген жағдайда;
  • ата-ананың арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде және т.б.

 

Құжаттарға өзгеріс енгізуге өтініш беру үшін не істеу керек?

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
  • қызметтін түрін таңдаңыз;
  • куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдау;
  • отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетіңіз;
  • актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсету, оғн өзгерістер енгізу қажет;
  • акт жазбасы үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажеттігін көрсету керек;
  • өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеу қажет;
  • төлем жасау керек;
  • өтінішке қол қою қажет.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале