16.08.2023, 17:01
Оқылды: 211

Білім беру ұйымдарында сабақ кестесін жасақтаудағы негізгі критерилері қандай?

2022-2023 оқу жылында Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің аумақтық бөлімшелері тексеріс кестесіне сай бақылау барысында мектептерде кестені дайындау кезінде бұзушылықтар анықталмады.

калам

Әрбір оқу тоқсаны немесе оқу жартыжылдығы шегінде күнделікті және апталық оқу кестесін жасау күрделі міндеті. Оқу сабақтары күн режимінде негізгі орын алады және баланың күш-қуатын барынша қолдануын талап етеді. Шаршау дәрежесі негізінен оқу шарттарын ұйымдастыруға және оқу кестесін дұрыс құруға байланысты. Оқытудың әр түрлі форматында оқу үрдістерінің балалар мен жасөспірімдердің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтау өте маңызды.

"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының "сатылы" режимін қолданады. Қыркүйекте үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар өткізіледі.

Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. Сабақ кестесін жасаған кезде бір күн және бір аптаның ішіндегі оқушының ақыл-ой еңбегіне қабілеттілік серпіні ескеріледі және қиындығы бойынша пәндерді саралау кестесі пайдаланылады. К

естеге сәйкес, балы жоғары пәндерге математика, орыс тілі (қазақ тілде оқытатын мектептер үшін), қазақ тілі (қазақ тілінде оқытылмайтын мектептер үшін) - 11 балл, шет тілі, пәндерді шет тілінде оқыту - 10 балл, физика, химия, информатика, биология - 9 балл. Жоғары оқу жүктемесі, әдетте, ең жоғарғы тиімділік күндеріне (сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі) сәйкес келуі тиіс.

Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі.

Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді. Үзілістер сабақ оқу кезінде пайда болған физиологиялық шаршауды жеңілдетеді және оңтайландырады, баланы келесі сабаққа дайындайды.

Осылайша егер оқу жүктемесінің режимі гигиеналық талаптарға сәйкес келсе, онда ол оқушының сабақ оқу барысында шаршауының алдын-алуды қамтамасыз етеді.

Ж.Қуанышқалиева,

Білім беру және тәрбиелеу

объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале