22.08.2023, 9:45
Оқылды: 37

Мерекелік велошеру өтті

Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіліп келеді.

Биыл аталмыш мереке 20 тамыз күні тойланды.

6183c826-ba10-4839-bab0-6d1d64b1d824

Соған орай Орал қаласында велошеру ұйымдастырылды. Абай алаңынан басталып, ҚР Тұңғыш Президенті алаңында мәреге жеткен велошеруге 350-ге жуық велошабандоз қатысты. Олардың қатарында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев те болды.

– Спорт еліміздің бәсекеге қабілетті спорттық державалардың қатарына кірудің басты шарты ретінде мемлекетіміздің негізгі стратегиялық ұстанымына, тәуелсіз еліміздің идеологиясына айналды, – деді өңір басшысы.

Спорт күніне орай ұйымдастырылған спорттық іс-шараның нәтижесінде Байбатыровтар отбасы «Спорттық отбасы» аталымына ие болса, 8 жастағы Әсет Живалбаев «Ең жас қатысушы» атанды. Ал спорттық шараның «Жасы үлкен қатысушысы» ретінде Святослав Выдрин (77 жаста) марапатталды. Үш аталым бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар  табысталды.

Әнуар Аманжол,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале