22.08.2023, 17:15
Оқылды: 137

Автономия қалай орнады?

Біле жүріңіз!

1917 жылғы Ақпан буржуазиялық революциясы Ресейде патша билігін тақтан түсірсе, 1917 жылғы Қазан ревоюциясы «Уақытша үкіметті» құлатып Ресейді және оның құрамындағы ұлттар билігін Петроград әскери-революциялық комитеті қолына көшеді деп жариялады.

жп дала

Айталық, 1918 жылдың 12-ші мамырында РСФСР Ұлттар Істері жөніндегі Халық Комиссариятының қазақ бөлімі аса маңызды міндет «Қазақ Кеңестік Автономиялық  Республикасын» құруды бастап кетті. Онда болашақ Қазақ автономиясын құрудың жоспарын белгілеп, төтенше комиссар Әліби Жанкелдинге Жалпы қазақ сиезін өткізуді ұйымдастыру тапсырылды. Келесі 1920 жылдың 26 тамызында М. Калинин мен В. Ленин қол қойған Бүкіл Одақтық Атқару Комитет пен РКФСР Халық Комиссарлар Комитеті «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Бұл дегенің қазақ даласына кеңестік билікті насихаттау және ұйымдастыруға ашық жол еді. Нәтижесінде 1920 жылдың  4 - 12 қазаны күндері Орынбарда Жалпы қазақтардың Құрылтай сиезі шақырылды. Оған Қазақстанның барлық облысы мен Алтай қазақтарынан шақырылған 279 делегат қатысты. Оның 128-і қазақ, 127-і орыс, 18-і өзге ұлт өкілі еді. Сиезде «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы» жарияланып, оның Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасына В. Радус-Зенкович, ал Қырғыз(Қазақ) Орталық Атқару Комитеті төрағасына С. Меңдешов сайланды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале