23.08.2023, 9:00
Оқылды: 92

Әскери сынақ аймағына қанша жер қалдырылды?

Біле жүріңіз!

 

Кешегі 1952 жылдан әскерилер сынағына берілген Нарында қанша жер әскери сынақ аймағында қалғанын енді ғана анықтай бастадық.

ЖП дала казталов (3)

Айталық Нарынды тастап шыққан «Калинин» колхозының мемлекеттік актідегі жер көлемі 1 277  гектар болса, мемлекеттік қордан пайдалануға бөлінген жер көлемі 4 629 гектар жерді құраған.

Ал «Каганович» колхозының мемлекеттік актідегі жер көлемі 23 966 гектар болса, «Интернациональ» колхозының мемлекеттік акті бойынша жер көлемі 27 390 гектар жерді құрады. Сондай-ақ  Жаңақала ауданынан көшірілген «Ленин атындағы» колхоздың мемлекет актісі бойынша жер көлемі 33 415 гектар жер болса, «Сары өзен» колхозына берілген мемлекеттік акті бойынша бөлінген жер көлемі 58 214 гектар жерді құрады.

Осылайша Оңтүстік Қазақстанға көшірілген колхоздар әскерилер аймағына 155 262 гектар колхоздың жері мен уақытша пайдаланған 4 629 гектар жерді тастап шықты.

Жоғарыдағы сандардан көріп отырғанымыздай колхоздар тастап шыққан қаншама мың гектар жер сынақ аймағына берілсе, ата жұртын тастап  қаншама адам сыртқа көшуге мәжбүр болды.

Айтуға оңай болғанмен ұрпақ  үшін сабақ алар тарих.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале