Елімізде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған «1WIN» ұйымына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

Тергеуді ҚМА-ның Алматы облысындағы лепартаменті бастады.
Аталған ұйым Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелде қызмет атқарған.
Мыңдаған жерлесімізді заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, онлайн платформа букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған.
Ақша қаражаты ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы, құмар ойындарға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді.
Қазақстан заңнамасына сәйкес елде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған. Ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ұсынылады.
Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеті жалғасып жатыр.