Біле жүріңіз!
1947 жылдан бастап Нарынның Бекетай, Теректі, Жиделі, Сасықтау, Шалқар, Таубұйрат өңірлері әскерилердің түрлі зымыран құлататын сынақ аймағына айнала бастады.
Бұл осы өңірлерді мекендеп отырған 17 колхоздың адамдарын жылына 4-5 рет орнын өзгертіп, мекеніне қайта оралуы адамдар үшін де, әскерилер үшінде қолайсыздық тудырды. Сол себепті КСРО министрлер кеңесі 1951 жылдың 21 желтоқсанында № 5263 санды қаулысын шығарды.
Онда:
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданының құмды аумағын 49 жылға әскерилерга жалға беру; Осы аймақтағы ауылдарды көшіру және қайта қоныстандыруды облыстық комитетке жүктеу;
Әр шаңыраққа 100 сом, әр жанұя мүшесіне 250 сом көлемінде үстемақы төлеу;
Материалдық көмек беру туралы ұсыныстар берілген.
Осыған орай, үкімет қаулысын орындау мақсатында төмендегі құрамда комиссия құрылады.
Оның төрағасы болып Дауымов, мүшелері болып Сахипов - ауыл шаруашылығы бастығы, Махмудов - қаржы бөлімі бастығы, Мусина - денсаулық бөлімі меңгерушісі, Қалиев - дайындық министрлігінің өкілі болып тағайындалады.
Осылайша Бекетай, Байқадам, Жиделі, Теректі, Шалқар, Таубұйратта қоныстанған колхоздар отырған жерлерін тастап шығуға мәжбүр болды.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz