Кеңестік саясат «ауылға бетбұрыс» деген ұранмен, жаңа шаруашылықтар құрудың ұжымдастыру бағытын бастап кетті.

Халық арасында жаңа атауға ие «ТОЗ», «Артель», «Серіктестік», «Колхоз» деген атаулар қоғамда белсенді уағыздалды. Аталған ұжымдастыру жергілікті жерлерде барынша кеңестік саясаттың қолдауымен жүргізілді.
Нәтижесінде, Батыс Қазақстан облысы бойынша 1928-1932 жылдар аралығында 67 226 шаруашылық құрылса, 1932-1933 жылдар аралығында 74 093 шаруашылық, ал, 1933-1934 жылдар аралығында 76 995 шаруашылық құрылған. Жоғарыдағы архив деректерінен, біріншіден, шаруашылықтардың ұдайы өсіп отырғанын байқасақ, екіншіден, облыста ұжымдастырудың өте күшті жүргенін көруге болады.
Сондай-ақ, аталған шаруашылықтардағы мал саны 1928-1932 жылдары - 808 375 бас, 1932-1933 жылдары - 824 836 бас, 1933-1934 жылдары - 915 775 бас делінген. Жалпы облыс бойынша шаруашылықты ұжымдастыру 1928-1932 жылдары - 80,4%, 1932-1933 жылдары-81,6%, 1933-1934 жылдары - 85,9% пайзға жеткен.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz