Шомылу маусымы басталғаннан бері 190 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 64 бала бар.
Ведомство кейде құтқарушылар қасыңызда болмай қалуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан адамдар өз өміріне қауіп төндірмеуі керек.
Биыл өз немқұрайлығынан 176 адам, оның ішінде 54 бала суға батып кетті.
Шомылу маусымы аяқталуға жақын. ТЖМ құтқарушылары судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.