4 қыркүйек күні Бөрлі ауданында әскери-экономикалық оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы БҚО Қоғамдық даму басқармасы хабарлады.
Cурет: qazaqtimes.com
«Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына және БҚО әкімдігінің «Әскери қызметшілермен әскери дайындық жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес 2023 жылдың 4 қыркүйегінде Бөрлі ауданында әскери қызметке шақыруды жүзеге асырумен арнайы әскери-экономикалық оқу-жаттығулар өтеді», деп жазылған хабарламада.
zhaikpress.kz