6.09.2023, 12:30
Оқылды: 53

БҚО: Нарыннан көшкен ауылдар

Біле жүріңіз!

Кешегі 1952 жылғы Нарынды әскерилер зонасына алу тыныш отырған елді әбігерге түсірді. Нарынның ортасында отырған колхоздар үдере қоныс аударуға мәжбүр болды.
жп орда
Осылайша, Батыс Қазақстан облысына қараған Орда ауданының колхоздары, енді Гурьев облысының Теңіз ауданы әкімшілігіне берілді. Көшті Орда ауданының Лабай ауылдық кеңесінің «Молотов», «Куйбышев» және «Жаңа жол» колхоздары бастады.

Кейіннен Орда ауданына қарасты Батырбек ауылдық кеңесінің үш колхозы «Карл Маркс», «Сталин», «Алғабас» Гурьев облысының Теңіз ауданына берілетін болды.

Олардың соңын ала Орда ауданының Сүйіндік ауылдық кеңесінің «Карл Маркс» колхозы мен Азғыр ауылдық кеңесінің «Берия», «Жданов» колхоздарыда мал-жанымен сынақ алаңынан сыртқа шығарылып, Гурьев облысының Теңіз ауданына қарады.

Осылайша, жоғарыдағы колхоздардан 1952 жылдың 22 сәуірінде  113 адам сынақ аймағынан шығарылады.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале