Бүгінгі Сырым ауданына қарасты Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің сайлауына дауыс берушілердің арасында қазақи киіммен келіп, ерекше көзге түскен мәдениет саласының ардагері Төлеген Есмұханов жолдасымен таңдау жасады.
- Бүгін біздің ауыл үшін мереке деуге болады. Олай дейтініміз, тұрғындар ауыл үшін, ауылдың болашағы үшін таңдау жасауда. Кім сайланса да елдің болашағын ойлайтын, Жаңа Қазақстан үшін аянбай еңбек ететін азамат сайланса деген тілегіміз бар, - дейді мәдениет саласының ардагері.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz