11.09.2023, 15:45
Оқылды: 59

Көсемнен басталған көш туралы не білеміз?

1952 жылдың көктемі Нарынды жайлаған колхоздар үшін ерте келді. Мал төлдету науқаны аяқталмай жатып, сынақ аймағына кірген колхоздар жаз жайлауға бұрынғыдан ерте қамданды. 1952 жылғы декабрде жарияланған Сталиндік қаулыға сәйкес колхоз жерлерін зонаға босату және жаңа жерге қоныс аудару колхозшыларға аз салмақ салмады.
 жп дала
Солардың қатарын Орда ауданының Талап ауылдық кеңесіне қарасты «Көсем» колхозының колхозшылары толықтырды. Өздерін күн көсемге теңеген (Ленинге) колхозшылар 1952 жылдың 14 сәуірінде жылы орындарын суытуға мәжбүр болды.

Сол ызғарлы көктемде «Көсем» колхозынан Нағим Аубекеров, Үнзила Ауберекова, Сұлу Айдыналиева, Қазима Абдолова, Салима Абдолова, Бисенбай Айдыналиев, Жамеш Ахметова, Қаймақ Аденин, Ниғымет Айтқалиев отырған қоныстар сынақ жері ретінде белгіленіп, аталған колхозшылар алғашқылар сапында көшірілді.

Сондай-ақ, колхозшылар Қожан Айдыналиев, Нұржамал Ажығалиева, Қайреш Биғалиев, Қадеш Иманғалиев, Өтеген Ишанов, Қабыкеш Кенжеғалиев, Мерует Мухашева, Қадыкен Мусағалиев, Сағира Мажитова, Шөкетай Мустафин, Оразай Нәсіпқалиев, Наршен Өтеген, Шакен Нұрышевтың шаруашылықтарыда сынақ аймағы жеріне жатқызылды.

Осылайша,  «Көсем» колхозынан жалпы саны 310 адам зона аймағынан сыртқа шығарылды.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале