Бакуде әзірбайжандық мұғалімдердің үлкен тобына Педагогикалық шеберлік орталығының сертификаттары табыс етілді. Бұл туралы NIS Педагогикалық шеберлік орталығының баспасөз хатшысы Айдана Хамидуллина мәлімдеді.
Әзірбайжан Республикасының ғылым және білім министрлігімен кең ауқымды ынтымақтастық Педагогикалық шеберлік орталығының шетелдік мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қазақстандық зияткерлік технологияларды әлемдік білімге сәтті трансляциялау бойынша жүйелі жұмысын логикалық түрде жалғастыруда.
Әзірбайжандық әріптестер тамызда Астана қаласында оқуды бастады, олар үшін Педагогикалық шеберлік орталығы кәсіби даму бойынша «Заманауи мұғалім: оқытудан зерттеуге» ауқымды бағдарламасын әзірледі.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин өзекті курс заманауи білім берудің ең сұранысқа ие басымдықтарына, соның ішінде әлемдік педагогиканың жаһандық трендтеріне және нақты оқытушы үшін нақты құралдарға арналатын атап өтті.
Әзірбайжандық әріптестерге арналған оқу бағдарламасы Жаһандық білім беру жөніндегі комиссияның Азия хаб комиссары Күләш Шамшидинованың ашық дәрісінен басталды. Урбанизация дәуірінде мәңгілік сұрақтарға жауаптар қандай болуы керек, альфалар не үйренеді, қазіргі уақытта ата-аналар мен балаларды не біріктіреді, мектептің цифрлық трансформациясы неден басталады, оқушының жеке траекториясын кім жасайды – шетелдік мұғалімдердің үлкен қызығушылығы бүгінгі таңда барлық елдердің педагогтерін толғандыратын негізгі сұрақтарды тудырды.
– «Заманауи мұғалім» ауқымды бағдарламасы зерттеу тәжірибесі арқылы рефлексиялық оқытуды дамытуға, сабақты жоспарлау мен бағалауда кәсіби құзыреттіліктерді арттыруға, қазіргі педагогикалық құралдарды көбейтуге, «Lesson study» және «Action Research» негізгі көрсеткіштерін түсінуге бағытталған. Әзірбайжан Республикасының Ұлттық куррикулумын ескере отырып, халықаралық сертификаттаудан өткен біздің орталықтың «Тиімді оқыту» және «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер» бағдарламалары негізінде құрастырылған. Кембридж университетінің кеңесінен халықаралық сертификаттаудан өткен ПШО-ның табысты тренерлері Рау-шан Әбішева мен Гүлжан Зейнолдина әзірбайжандық әріптестерімен жұмыс жасады», – деп атап өтті Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.
Оқытудың екі кезеңінде – Астана мен Бакуде – тұжырымдамалық жоспарлау, мектеп мәдениеті және балаға қолайлы орта, мотивациялық және аффективті теориялар, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті және инклюзивті оқыту және функционалдық сауаттылық негізгі тақырыптар болды.
– Педагогикалық шеберлік орталығының кәсіби жетістіктері әзірбайжандық мұғалімдердің үлкен қызығушылығын тудырды – беделді еуропалық ACQUIN институтында бағдарлама аккредитацияларының тұтас сериясы, отандық білімге Lesson study және Action Research енгізу бойынша табысты жұмыс, келесі жылы ТМД-да алғаш рет өтетін Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығының WALS дәстүрлі конференциясы.
– Біз күн сайын Астана мен Бакуде қазақстандық әріптестеріміздің бүгін бізді немен таң қалдыратынын асыға күтетінбіз. Орталықта оқу заманауи мұғалімнің жетістігі өзіне деген сенімділіктен басталады деген жеке сенімімді растады», – деді Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Флора Алиева.
Хураман Бабаева мен Оксана Алиева «Заманауи мұғалім» олардың кәсіби білім мен құзіреттілігін жаңартып, жүйелегенін және Астанада педагогикалық өмірбаянының жаңа тарауы ашылғанын атап өтті.
Астана модулінің соңғы күні «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас мұғалімдердің екінші республикалық форумына шақыртуды шетелдік әріптестер нағыз сәттілік деп атады.
– Спикерлер мен делегаттардың көзіндегі от пен жүрегіндегі жалынды өз мектептерімізге алып кетеміз. Форумда мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы жетістіктер жүйелі жұмыстың арқасында жүзеге асатынына көз жеткіздік.
Әзірбайжандық әріптестер Астанадан алып кеткен кәсіби қоржынындағы негізгі сыйлықтар Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Lesson Box әдістемелік портфелі болды.
Әзірбайжан Республикасының ғылым және білім министрлігімен ынтымақтастық ПШО-ның шетелдік мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша танымал жобаларының географиясын кеңейтті. Осы жылдар ішінде қазақстандық Педагогикалық шеберлік Орталығының сертификаттары Ресей Федерациясының, Қырғызстанның, Түркіменстанның бірнеше аймақтарының өкілдеріне берілген болатын.