12.09.2023, 12:45
Оқылды: 68

БҚО тұрғындары «Orle» жобасы аясында киіз басуды үйренді

Бес күн бойы «Шелл Қазақстан» компаниясының қолдауымен жобаға қатысушылар, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан әйелдер дәстүрлі қазақ қолөнерінің дағдыларын игерді. Олар Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлованың басшылығымен киізден үй тұрмысында қолданылатын бұйымдар жасады. Бұл туралы Орталық Азияның Еуразиялық қоры мәлемдеді.

WhatsApp Image 2023-09-12 at 09.25.18

Тренинг Орал қаласында өтті. Айжан Бекқұлова, «Orle» жобасының «Қолөнершілік» бағыты бойынша жаттықтырушысы, тренигтің басында Қазақстан қолөнершілер одағы республикада қолөнерді жандандырумен, сақтаумен және дамытумен айналысатынын айтты. Оның негізгі миссияларының бірі – қазақстандық шеберлердің біліктілік деңгейін арттыру және өз саласына жаңа қолөнершілерді тарту.

«Мен өзім 25 жылдан астам уақыт бойы халықтық қолөнерді игергісі келетіндер арасында білім беру трениңтерін өткізумен айналысамын. ОАЕҚ біздің көптен бергі серіктесіміз ретінде және «Шелл Қазақстан» компаниясы халықтың әлеуметтік осал топтарын киіз басу негіздеріне оқыту мәселесінде дұрыс жол таңдады деп санаймын. Олардың бірлескен «Orle» жобасы бірнеше мәселелерді шешеді. Біріншіден, бұл халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуы. Қолөнермен айналысатын адам үйде ақша тауып, өзін және отбасын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, бұл жоба әлеуметтенуге мүмкіндік береді – әйелдер трениңте пікірлес қауымдастықты табады, ұжым ішінде бір-бірімен сөйлеснді және өзіне деген сенімділігін арттырады. Және де «Orle» жобасындағы мен үшін ең маңызды аспект – бұл қазақтардың мәдени дәстүрлерін жаңғыртуға көмектесу. Біз жұмыста қазақтар ежелден киім, тұрмыстық заттар жасау үшін қолданған табиғи, экологиялық таза материалды пайдаланамыз, оларды ұлттық ою-өрнектермен безендіреміз», – дейді Айжан Бекқұлова.

WhatsApp Image 2023-09-12 at 09.25.21 (1)

Оқуға 45 жасқа дейінгі әйелдер қатысты. Айжан оқушыларының көпшілігі трениңте алғаш рет жүнмен жұмыс істеді. Тренинг барысында олар киізден түрлі бұйымдар жасау дағдыларын пысықтай алды. Жүнді орналастырудан бастап өнімді кептіруге дейінгі барлық кезеңдер өтілді. Оқудың үшінші күнінде олардың барлығы киізден ұлттық ою-өрнектері бар орындықтарға үш отырғыш-панно жасай алды. Сондай-ақ, қатысушылар киізден сөмкелер жасады.

Бұйымдарды жасап болғаннан кейін оларды басқа мәселе қызықтыра бастады: олар өз өнімдерін қандай бағаға сата алады?

Айжан Бекқұлова қазірдің өзінде дайындалған паннолардың бір бөлігін жаңадан бастаған қолөнершілер сата алатынына сенімді. Олардың сапасы өте жоғары.

«Шелл Қазақстан» компаниясы мен Орталық Азияның Еуразия Қоры есебінен жаттықтырушы қолөнершілер асықпай жұмыс жасай алу үшін трениңке қажетті барлық материалдарды – Тайпақ ауылынан жергілікті жүн, сабын, түптөсем – сатып алды.

«Маған топ ұнайды, оқушыларымның көздері жанып тұр. Оқу барысында олардың барлығы өз бұйымдарын жасау кезінде қиялдарын қолдана бастағанын көріп тұрмын. Олар жүнді, ою-өрнек трафареттерін сатып алуға қызығушылық танытып жатыр. Бұл олардың жұмысқа деген ынтасы бар екенін көрсетеді. Ол керемет. Мен іс жүзінде олардың жұмыстарында ақау көріп тұрған жоқпын. Олардың барлығы дайын бұймдарды жасай алды. Оқу аяқталғаннан кейін олардың барлығы киіз басумен айналысады деген үмітім бар. Олардың кейбірі өз шеберханасын ашып, тапсырыс бойынша жүннен бұйымдар жасайды деп үміттенемін», – деп Оралдағы трениң туралы Айжан Бекқұлова өз ойымен бөлісті.

WhatsApp Image 2023-09-12 at 09.25.22

Жаттықтырушы өз оқушыларына оқу аяқталғаннан кейін де шеберлер киізден сөмкелер, танамоншақтар, бас киімдер, тәпішкелер басып үйрену үшін тәлімгерлік қолдау көрсетеді.

Гүлжанар Арыстанова – балаларды өз бетінше тәрбиелеп отырған ана. Әйел 13 жыл қауіпсіздік инженері болып жұмыс істеді, бірақ бұрыннан бері қолөнермен айналысқысы келді. Бірнеше жыл бұрын ол жұмыстан кетуге шешім қабылдап, тапсырыс бойынша бұйымдар тігіп, оларды кестемен безендіре бастады. Енді ол киіз басуда өз күшін сынап көруді шешті. «Мен жүнмен жұмыс істегім келеді – тапсырыс бойынша киім, текемет жасағым келеді. Мен Айжан Бекқұлованың трениңіне қатысып, шеберден киізбен жұмыс істеу дағдыларын үйренгім келді. Егер мен грант ала алсам, қажетті жабдықты сатып аламын, жұмыс істеймін», – дейді қолөнерші.

Гүлдана Ерижепова да балаларды өз бетінше тәрбиелеп отырған ана. Оның өзінің кішкентай ательесі бар, ол тапсырыс бойынша заттарды тігеді. Бұрын ол балалар шығармашылық орталығында сабақ берген – 5 жыл қолөнер үйірмесінің жетекшісі болған. Балалармен жасанды киізден гүлдер, моншақтар жасаған. Трениңке ол нағыз киізбен жұмыс істеуді үйрену үшін, жүннен сырнақ, текемет сияқты маңызды заттар жасау үшін келді. Гүлдана жүн сатып алу және текемет жасау үшін грантқа өтініш беруді жоспарлап отыр. Ол сондай-ақ балалар киіз басу дәстүрін жалғастыру үшін оларды жүнмен жұмыс істеуге үйретуді қалайды.

Жупаргүл Түткараева тренингке күн сайын Ақжайық ауданы Бударин ауылынан келеді. Сағат 9-да басталатын сабаққа қатысу үшін ол сағат 6-да тұрып, такси шақырады. Ол екі баланың жұмыссыз анасы. Күйеуі Атырауда вахта әдісімен жұмыс істейді. Әйелдің өзі туған ауылында жұмыс таба алмады. Сондықтан ол қолөнермен айналысады – тапсырыс бойынша көрпе, балалар киімін, мектеп формасын тігеді.

«Мен Айжан Бекқұловадан 2021 жылдан бастап трениң өтуді армандадым, ол сол кезде Орал қаласына алғаш рет «Orle» жобасымен келді, бірақ жағдайым болмадф. Техниканың өзін білмедім, бірақ киіз басу техникасын игергім келді. Бес күндік тренингте Айжан ханым бізге киіз басудың барлық негізгі әдістерін көрсетті. Одан мен жұмыс істегенде, демалғанда керек шыдамдылықты үйрендім. Маған өз бетіммен ою-өрнектер жасау ұнады. Ауылда жүн көп, адамдар оны қой қырқудан кейін жиі тастай саладц. Мен бұл жүнді олардан алып, жуып, одан текемет жасауды жоспарлап отырмын», деп бөлісті пікірімен Жупаргүл Түткараева.

Жаннат Наймашева – Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны, оның 3-топтағы мүгедектігі бар. 2021 жылы ол омыртқаға операция жасап, содан бері корсет киеді. Оған қарамастан, трениңтің барлық 5 күнінде Жаннат басқа қатысушылармен бірге оқып, өз қолымен орындықтарға арналған 3 панно мен кішігірім көркем әйелдер сөмкесін жасай алды. Жаннаттың төрт баласы бар. Олардың екеуінің өз отбасылары бар, тағы екеуі – студенттер. Жаннат ауыл тұрғындары үшін тапсырыс бойынша шұлық пен қолғап тоқып, ою-өрнегі бар құрақ көрпе тігеді. Оның арманы – текеметтер мен тәпішкелерді киізден тігуді үйреніп, оларды тапсырыс бойынша жасау.

Айта кетейік, «Orle» жобасын халықтың экономикалық әлеуетін арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында БҚО мен Атырау облысында Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шелл Қазақстан» компаниясымен ынтымақтастықта және оның қолдауымен жүзеге асыруда.

Жобаның «Orle» және «Orle 2.0» (2021-2023 ж.) атты алдыңғы екі кезеңінде көкөніс және қолөнер негіздерін оқытудан 118 адам өтті, олардың 17 өтеусіз ақшалай гранттар алды және фермерлік микро-бизнесті бастады, ал 15қолөнер бизнесімен айналыса бастады. Нәтижесінде жергілікті фермерлер өз кірістерін орта есеппен 27%-ға, қолөнершілер – 31%-ға арттыра алды.

«Orle жобасы БҚО-да үшінші жыл жүріп жатыр және жыл сайын жергілікті тұрғындардың қатысуы үшін сұраныс артып келеді. Көп балалы ата-аналарға, балаларын өз бетінше тәрбиелеп отырған ата-аналарға, мүгедектігі бар адамдарға, жұмыссыз жастарға қолдау көрсете отырып, біз оларға жаңа нәрселерді үйренуге, өзін-өзі жұмыспен қамтуға және жоба шеңберінде алған білімдері мен дағдылары көмегімен ақша табуға мүмкіндік береміз. Біздің қорымыздың жұмысының, «Шелл Қазақстан» компаниясының қолдауының және Алматы облысының жергілікті қоғамдастықтар қоры, Қазақстан қолөнершілер одағы сияқты серіктестердің арқасында біз қатысушылардың өз қабілеттеріне деген сенімділігін арттыра алдық және олардың бизнес-жоспарларын іске асыруға көмектесетін отбасыларын біріктіре алдық», дейді Orle жобасының үйлестірушісі және ОАЕҚ жоба менеджері Ақмарал Қарлыбаева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале