15.09.2023, 12:56
Оқылды: 50

Шыңғырлауда алаяқтықтың алдын алуға қатысты жиын өтті

Қазіргі уақытта елімізде сан түрлі интернет алаяқтықтың өршіп тұр. Оңай олжаға кенелгісі келетіндердің, түрлі айла-амалдармен алдап-арбаушылардың дәурені жүріп тұр.

9BCB8AEB-9F24-4508-862B-BBC6CA8429D1

Алданушылар да бүкіл-қаржы, үй-мүлкінен айырылса да әлдебір үмітке сеніп, жаңадан ашылған қаржы пирамидаларына ақша құюдан тыйылар емес. Осы тақырыпты қаузап, интернет-алаяқтардан аулақ болуға шақырған пайдалы басқосу бүгін Шыңғырлау ауданында өтті.

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Райымбек Жанғужиев ауданға арнайы келіп, мектеп-колледж ұстаздары және оқушыларымен кездесу өткізді.

Райымбек Наурызұлы бүгінгі таңда «Chia Tai» қаржы пирамидасына алданып, қаржы құйғандардың саны облыс көлемінде өсіп отырғанын мәлім етті.

Тек біздің облысымыздың өзінде осы алаяқтарға 730 адам 8 млн-ға салым салса, соның ішінде 210 адамның шыңғырлаулық екеніне назар аударды.

Бұл қылмыстық іс бойынша қазіргі таңда екі адамның ұсталып, тергеліп жатқанын да еске салды.

Сонымен қатар жедел уәкіл казино, құмар ойындарынан жасөспірімдерді сақ болуға шақырып, қандай да бір жарнаманың артында белгілі бір ұйымдасқан қылмыстық топтың болуы әбден мүмкін екендігін, жарнамаларға сене берудің де жөні жоқтығын ескертті.

Нақты мәліметтер, түрлі алданған жандардың шағымдарынан мысал келтірілген басқосу пайдалы әрі әсерлі болды.

Кездесу соңында осы мәселе төңірегінде жеке әңгімелесуді жөн көргендер жедел уәкілге жолықты.            

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале