17.09.2023, 21:46
Оқылды: 131

Ақсайда "Аламан" бәйге өтті

Ақсайда қала күніне орай "Дала қызықтары" атты мерекелік спорттық шара ұйымдастырылды. Екі апта бойы тойланып келе жатырған қала күні аясында өткен кезекті шарада бірнеше ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.

IMG_9881

Ұлттық-бұқаралық спорт түрлерінен өткен тартысты сайыстарға Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов қатысты. Сондай-ақ Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өміралиев те мерекелік шараға арнайы келді.

IMG_9869

Қаланың солтүстік айналма жолында орналасқан атшабар аумағында өткен "Дала қызықтарында" ауданға қарасты ауылдық округтер арнайы киіз үй тігіп, шараның шырайын ашты. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мерекеде қала тұрғындары мен қонақтары бірнеше спорт түрінен бақ сынауға мүмкіндік алды. Соның ішінде қатысушылар садақ ату, қазақ күресі, арқан тартыс, аударыспақ пен гір көтеруден сынға түсті.

IMG_9845

Спорттық сайыс жеңімпаздарына қомақты қаржылай жүлделер де табысталды.

IMG_0087

Мәселен, үш салмақ дәрежесінде өткен аударыспақта ІІІ орын иеленгендерге 15 мың, ІІ орынға 25 мың және І орынға 30 мың теңге табысталды.

IMG_0065

Қазақ күресі бойынша белдескен түйе палуандардың ІІІ орын иегері 200 мың, екінші орынды жеңіп алған спортшы 500 мың және І орын алған жеңімпаз 1 млн теңге иеленді.

IMG_9837

Ал спорттық жарыстардың ең қызықтысы құнан, топ және аламан бәйгеде болды. Еліміздің әр аймағынан келген шабандоздар қатысқан бәйге бәсекеге толы әрі қызықты өтті. Құнан бәйгенің жүлдесіне 80, 120 және 200 мың тігілсе, топ бәйгеде топ жарғандарға 200, 300 және 500 мың теңге көлемінде марапат ұсынылды.

IMG_0008

Ал 24 шақырымға созылған аламан бәйгеде тұлпары үшінші келген атыраулық Алтынбек Хамит 500 мың теңге, ІІ орын иеленген сырымдық шабандоз 700 мың теңгені жеңіп алды.

IMG_0067

Ал аламан бәйгенің бас жүлдесін жеңіп алған Ақтөбе облысының атбегісі Қайрат Ізбасаровқа су жаңа автокөліктің кілті табысталды.

IMG_0050

А.Нұразғали,

Бөрлі ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале