19.09.2023, 12:15
Оқылды: 103

Ұлт-азаттық қозғалыстар тарих беттеріне қалай жазылды?

Біле жүріңіз!

Кешегі Қазақстан тарихында Исатай-Махамбет көтерілісіне қала
м тартқан тарихшының бірі – В.Шахматов. Ғалым алғашқылар қатарында Исатай-Махамбет көтерілісіне терең зерттеу жүргізіп, бұл қозғалыстың тарихи маңызын жоғары қойғандардың бірі.
ЖП
Сурет: zhaikpress.kz / Гүлмира Сарсенғали
Ол өзінің 1946 жылғы «Ішкі Орда және Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі» атты кітабында тұңғыш рет Исатай-Махамбет көтерілісіне ғылыми тұжырымдама жасады.
Зерттеуші Исатай-Махамбет көтерілісіне «феодалдық қоғамға қарсы шыққан шаруалар қозғалысы» деген баға берді, оған дәлел ретінде Жәңгір билігі тұсындағы жерді жекешелендіруді қарсы қойды.

Өкінішке орай, бүгіндері ғалым В. Шахматовтың жоғарыдағы аталған кітабы жәй оқырман түгілі, көзі қарақты ізденушілер үшін таптырмас құнды еңбекке айналды.

Қашанда болмасын Исатай-Махамбет көтерілісі зайырлы зерделеушілер тарапынан өзіндік пайымдауларға толы.

Мәселен, М. Тынышпаев өзінің «История Казахского народа» кітабында бұл қозғалыс жөнінде «одним из крупнейших востаний в истории Казахстана является движение шаруа под руководьством Исатая Тайманова и Махамбета Отемисова в 1837-1838 гг», деп қозғалысқа орынды баға берсе, көтерілістің шығу себебі жөнінде «особенно в период правления сына Букея – Джангира 1824-1845 гг. Недовольство народных масс вылилось в народно-освободительную борьбу, возглавляему И. Таймановым и М. Отемисовым» деп ойын қорытады.

Ал зерттеуші Г. Сербаринов өзінің «Исатай Тайманов көтерілісі» атты мақаласында Исатай-Махамбет көтерілісін ұлт-азаттық күрес ретінде сипаттады.

Осылайша, Исатай-Махамбет қозғалысы Қазақстан тарихына халықтық қозғалыс және ұлт-азаттық көтеріліс ретінде енді.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале