20.09.2023, 14:30
Оқылды: 42

Кіші жүзді отарлау қалай жүргізілді?

Патша өкіметінің Кіші жүз қазақтары үшін жасаған 1824 жылғы «Орынбор қырғыздарының жарғысы» атты ережесі қазақтарды отарлаудың бастауы болды.

жп су

Ереже бойынша хандық билік жойылып, орнына әкімшілік басқару енгізілді. Ережеге сәйкес Кіші жүз жері үш бөлікке шығыс, орталық және батыс бөліктері болып бөлінді.

Бөліктердің басында Орынбор әкімшілігі тағайындаған сұлтандар тұрды. Бөліктер дистанцияларға, олар өз кезегінде ауылдарға бөлінді. Дистанциялар мен ауылдарды старшындар мен болыстар басқарды.

Осылайша, патшалық реформа нәтижесінде Кіші жүз қазақтары үш әкімшілік бөлік пен 56 құрылымдық дистанцияда басқарылатын болды.

1868-1869 жылдары қазақ жерін басқарудың жаңа ережесі жарияланды. Бұл Ережеге сәйкес қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа біріктірілді.

Олар Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығы. Оларды патша тағайындаған генерел-губернаторлар басқарды. Жаңа ережеге сәйкес Кіші жүз қазақтары Орынбор генерал-губернаторлығы құрамына кірді.

Барлық билік генерал-губернатордың қолына шоғырланды. Облыс уездерге, уездер болыстыққа, болыстық ауылға қарады. Алайда, жергілікті жерлерде отаршылар сұлтандардың үстемдігін сақтап қалды, оларды түрлі алым-салықтардан босатты және патшаға адал қызметі үшін сыйақылар тағайындап отырды.

Ережеге сәйкес қазақ жері патшаның мемлекеттік меншігі болып жарияланып, қазақтар патша ағзамның қызметшілері саналды. Осылайша, патшалық реформалар Кіші жүзде хандық билікті жойып, Кіші жүзді толықтай Ресей құрамына кіргізді.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале