21.09.2023, 16:30
Оқылды: 66

Археологиялық қазбалар бастауы – тас дәуірі

Біле жүріңіз!

Өлкеге алғаш аяқ басқан адамдардың іздері ерте палеолит (тас) дәуірінен бастау алады. Өңірде ізденген адамға тас дәуірінің еңбек құралдарының табылары анық.

Археологиялық зерттеулер нәтижесінде тас дәуірінің заттай еңбек құралдары Жайық өзені бойы, Утва, Шаған, Деркөл бассейндері, Қалдығайты, Бұлдырты, Өлеңті өзендері сағасы, Үлкен және Кіші өзен бассейндері, Көшім, Аралсор және Қамыс-Самар жерлерінен көптеп табылған. 

Айталық, Шалқар 2-4, Родник 2-3, Ешкітау және Деркөл бассейндерінен табылған көне заттар ежелгі палеолит дәуіріне жатқызылды.

Ал, өңірдің Қамыс-Самар, Сарыайдын, Меңдәлі, Жаңа Қазан тұрақтарынан табылған көне заттар мезолит дәуірінен сыр шертті. 

Сондай-ақ Қырықоба, Бесоба, Сасайтай, Пятимарь, Елекшар, Лебедевка, Қалдығайты, Шоқтыбай қорғандарынан табылған көне заттар неолит дәуірінің ескерткіштері санатына кірді.

Жалпы өлкемізде археологиялық зерттеулер нәтижесінде жоғарыдағы тұрақ-қорғандардан адамдардың тастан жасаған еңбек құралдары көптеп табылған. 

Бір қызығы олар пластина, микролит және нуклеус бейнесіндегі тас құралдар түрінде жиі кездесіп отырған.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале