22.09.2023, 12:30
Оқылды: 67

Өлкемізде өмір сүрген тайпалар

Біздің дәуіріміздің ІІІ-ІХ ғасырларында өлкемізде өмір сүрген тайпалардың бірі – Оғыз тайпасы.

жп дала

Оның территориялық орналасуы Сырдарияның орта және төменгі ағысы, Батыс Қазақстан жері, Еділ-Жайықтың төменгі ағысы жерлерін баса, Солтүстік Кавказға дейінгі аумақты алып жатты.

Оғыз мемлекетінің құрамына түркі және иран тілді тайпалар одағы тұтаса кірді. Орталығы – Янгикент қаласы. Билеушісі Жабғу деп аталды.

Олар өз кезегінде көршілері Хазарлар және Еділ бұлғарларымен ұдайы соғыстар жүргізіп отырды. Жабғу Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті күшейіп, көршілері санасатын тайпалық мемлекетке айналды. Шахмәлік тұсында Орта Азияға үстемдік жасап, Хорезмді бағындырды.

Алайда ХІ ғасырдың басында ішкі бақталастық пен сыртқы көршілермен жүргізген соғыстар салдарынан әлсіреп, бір бөлігі қыпшақтарға қосылса, екіншілері қарахандықтар мен селжұқтарға араласып, Оғыз мемлекеті толықтай жойылады.

Осылайша Оғыз мемлекеті жайлаған жерлерді өзіне қаратқан қимақ-қыпшақ бірлестігін құрған Қыпшақтар мемлекеті келеді.

Зұлхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале