Мәжілісте лудомания мәселесі қаралып, Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс жасалды, деп жазды Ұлттық арна.
Сурет: pixabay.com
Одан бөлек, бәс тігу жарнамалары шектеліп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күрес күшейтілмек. Ең негізгісі – құмар ойынға әуес адамдарды анықтаудың нақты тәсілдері әзірленіп, ойын бизнесіндегі компаниялардың салығы әкімшілендірілмек.
«Үш жылда 11 мың интернет-казино сілтемелерді бұғаттадық. Алайда тек мемлекеттік мекеменің күшімен интернет-казиноны жарнамалау мәселесін шешу мүмкін емес. Біздің интернет ресурста kogam.gov.kz шағымдану бөлімі жұмыс істейді. Кез келген қолданушы күдікті саналатын материал немесе сайт туралы ақпарат қалдыра алады», - дейді Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Қ.Ысқақов.