Оқу-ағарту вице-Министрінің тапсырмасы бойынша білім беру ұйымдарында дағдарыс жағдайларында оқушылар мен персоналдың іс-әрекеті бойынша практикалық оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі, деп хабарлайды Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу 25-29 қыркүйек аралығына жоспарланған. Іс-шара барысында мектеп ұжымына дағдарыс жағдайларына қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланады.
Оқу-жаттығуды жүргізудегі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылау, дағдарыс жағдайында оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.
Оқу-жаттығу сабақтары облыстың құқық қорғау және арнаулы органдары қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі.