Біле жүріңіз!
1951 жылғы 21 желтоқсанда КСРО үкіметінің Нарынды 49 жылға жалға алу туралы қаулысына сәйкес сынақ аймағынан шығарылатын колхоздар қатарына Орда ауданы Талап ауылдық кеңесіне қарасты «Бастауыш» колхозының жерлері де енді.
Осылайша 1952 жылдың 24 сәуірінде «Бастауыш» колхозынан С.Айтмағамбетова, Б.Айболов, Д.Албатирова, У.Азиралиева, А.Бисалиев, С.Біралиев, И.Байғазиев, Қ.Ералиев, Ш.Ералиева, Ж.Ералиев, Қ.Есқалиев, Қ.Есқалиева, М.Есмұханбетов, А.Ералиева, Қ.Жумағазиев, Ж.Жумағазиев, Ж.Жақсиыхова, З.Жаналиева, Н.Жанбаева, М.Жумағұловтар шаруашылықтары алғашқылар қатарында әскери зона аймағынан шығарылды.
Сондай-ақ колхозшылар А. Иманова, Ж. Искулов, Х. Изтелеуов, И. Нығмет, Ы. Кукешова, М. Қазикова, Р. Мұраталиева, Ж. Меңдалиев, А. Мағзумова, К. Молдалиева, Қ. Ниғыметов, Қ. Нұғыманов, Б. Нұғыманов, Б. Неталиева, А. Нуралиев, К. Ниғыметов, А. Рахов, Ө. Рахов, Н. Омашева, Ж. Омашева, К. Оразалиев, Қ. Өмірғалиева, К. Сатпаев, А. Сапиев, Ж. Сарсенбаева, Н. Сатпаева, Р. Сатаева, Т. Тәжеденов қоныстанған жерлерде сынақ аймағы қарамағына жатқызылды.
Осылайша «Бастауыш» колхозынан жалпы саны 258 адам тұрғылықты жерлерін әскерилерге тастап шықты.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz