Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде «Дала дарындары» шығармашылық фестивалі өткен. Фестиваль вокал, сәнді қолданбалы өнер, халық музыкасы, хореография, әдеби шығармадан тұрды.
Байқауға келген талаптылар кезек-кезегімен сахна төріне көтеріліп, өнерлерін паш етіп, әділқазылар алқасын таңдай қақтыруға тырысты. Әуелете ән шырқап, төгілдіре жыр оқып, қолданбалы өнерді көрерменге ұсынып жатты.
Байқау мәресіне жетіп, жүлдегерлер есімі де анықталды.
Вокал жанры бойынша Шыңғырлау ауылдық округінен Аңсаған Хибашев, поэзия жанры бойынша ақбұлақтық Ернәсіл Рысқалиев І орындардан көрінді. Сәндік қолданбалы өнер сайысында жалғыз үміткер ардақтық Гүлмира Лесова талассыз жеңімпаз атанды.
Барлық жүлдегерді аудандық тілдерді дамыту, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтімов құттықтап, сыйлықтар ұсынды.
Байқауды аудандық мәдени-демалыс орталығы ұйымдастырды.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz