29.09.2023, 10:15
Оқылды: 53

Орда ауданы Жетібай ауылынан кімдер көшірілді?

1952 жылдың көктемі ордалық колхозшылар үшін ызғарлы да, айбарлы болды. Бір жағынан әскерилердің келуі, екінші жағынан туған жерден еріксіз кетіру жұрттың наразылығын білдірмегенмен наласын келтіргені рас еді.

жп дала

Сондай көштің басында Орда ауданы, Жетібай ауылдық советіне қарасты «Жамбыл» атындағы колхоздың колхозшылары тұрды.

Сол 1952 жылдың 21 сәуірінде өткен колхоз жиналысында «Жамбыл» атындағы колхоздан Р. Бижанова, А. Жұмағалиев, Т. Қуаншалиев, Н. Бисалиева, Қ. Ғаббасов, С. Салыхова, М. Хайрошов, С. Каримгалиев, Е. Машиев, А. Бөкеев, Ғ. Беркалиев, А. Андирова, М. Тырмышова, Д. Мұқанбетова, М. Телеубаева, А. Имангалиева, М. Құспановтар өтініштері негізінде көшетіндер тізіміне кіргізілді.

Сондай-ақ колхозшылар А. Сейткалиева, Б. Сауірбаев, К. Исақова, Н. Батырғалиева, Қ. Есқалиев, Ж. Құдайбергенова, А. Жұмабаева, З. Арықов, Қ. Молдағалиева, Ғ. Ешов, Қ. Жұмағалиев, Б. Құлжариқова, Д. Бөженов, Н. Бөженов, З. Биғалиев, С. Абілқасова, Қ. Үмбеталиева, Б. Есмұқанов, Ш. Қасымов, Ж. Ажығалиева, Қ. Қисыметова, З. Католлин, С. Лақбаев                                     жанұя мүшелері де көшетіндер тізімінде тіркелді.

Осылайша «Жамбыл» колхозынан жалпы саны 139 адам көшіріліп, жылы орындарын суытты.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале