10.10.2023, 14:30
Оқылды: 649

«Жанар» жастар ұйымының негізгі мақсаты қандай?

Бұл ұйым 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Семей қаласында құрылған қазақ жастарының ұйымы.

жп орда

Аталған ұйымының белсенді ұйымдастырушылары, сол кездегі қазақ жастарының ішіндегі білімділері М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ғ Есіргенов, М.Әуезов және басқалар болды.

Ұйымның мақсаты сол кездегі тарихи оқиғаларға қазақ жастарын тартып, жастардың саяси белсенділігін қолдау және халық арасында үгіт-насихат жұмыстарды өрістету еді.

Сондай-ақ Алаш партиясын қолдау және Семей облыстық комитетімен бірлесе отырып, аштыққа ұшыраған қазақтарға жәрдем ұйымдастыратын арнайы комитет құру арқылы көмек көрсету міндетін қойды.

«Жанар» ұйымы сол кездегі елдегі ауыр жағдайға байланысты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасыларды жергілікті жерлерде қолдау секілді жұмысты ұйымдастыруда белсенділік танытты.

Осылайша құрылған «Жәрдем» комитетінің төрағасы болып М.Дулатов, орынбасары Ж.Аймауытов, хатшысы М. Әуезов, қазынашысы Ғ.Есіргенов сайланады.

«Жәрдем» комитетінің атқаратын жұмысы туралы жарғысын «Сарыарқа» және «Абай» журналдарында жариялап, жұртшылыққа таныстырды.

1918 жылдың 5-13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастары құрылтайына «Жанар» ұйымынан Ж. Аймауытов пен М. Әуезов делегат ретінде жіберіліп, Семей жастары атынан қатысады.

 

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале