Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, тиісті заң жобасы осы жылдың соңына дейін енгізіледі.
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен
«Біз өз тарапымыздан екі талапты айқындадық - бұл шахтерлердің 55 жастан асуы және БЖЗҚ-да 7 жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының болуы. Төлемдер үш көзден – республикалық бюджеттен, өмірді сақтандыру компаниялары мен жұмыс беруші есебінен жүргізілетін болады. Біз бір күнкөріс шегі көлеміндегі бюджеттік өтінімді рәсімдедік. Оның үш жылға арналған сомасы - 45 млрд теңге, яғни жылына 15 млрд теңгеден. Мұның бәрі шахтердің зейнетақы жинақтарының қорына байланысты болады. Зейнетақы жарналарын аудару 84 ай бойы жүруі тиіс. Осы төлемге үміткер адамдардың саны 46 мыңға жуық», - деді министр.
qazaqstantv