Бүгін Сырым ауданы әкімдігінің кіші залында әдеттегіден бөлек жиын өтті. Оған себеп, Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиевтің жаңа қызметке ауысуы.
Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов бастаған әріптестері Досжан Ересұлына ақжарма тілектерін білдіріп, қызметтегі жауапкершілігі мен адамгершілігі, ұжыммен тіл табыса білуі, іскерлігі сияқты қасиеттеріне тоқталды.
- Сырым аудандық ішкі саясат бөлімін бір ру деп алсақ, соның ішінде біздер, баспасөз қызметкерлері сол рудың бөлімі іспеттеспіз, - деді “Сырым елі” қоғамдық-саяси газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлы.
Қаумалаған әріптестер жан-жақтан жылы лебіздерін білдірсе, аудан әкімдігі атынан Жұмагелді Жолдыбайұлы алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz