13.10.2023, 17:45
Оқылды: 58

Еліміз трансшекаралық өзендерге тәуелді

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 2666096e10f7496a89fc3b29fa612f26

Фото: primeminister.kz

Министрдің айтуынша, көршілес елдермен су ынтымақтастығы экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге және табиғи нысандарды сақтауға шешуші фактор.

Сондай-ақ министр трансшекаралық контекстке тәуелді аймақтар оңтүстік бағытта орналасқанын атап өтті.

Орталық Азия елдерімен су ресурстарын өзара тиімді басқарудың су-энергетикалық механизмін әзірлеу бойынша жұмыс жалғасуда.

Осы жылдың 14-15 қыркүйегінде Душанбе қаласында өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшылары - Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев консорциум құру арқылы Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді және тұрақты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру бастамасын білдірді. Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану үшін ұзақ мерзімді және тұрақты аймақтық ынтымақтастық механизмін құру бастамасын жүзеге асыруға министрлік бар күш-жігерін салатынын атап өткім келеді,- деді министр.

Айта кетейік, Президент Жолдауда Ұлттық гидрогеологиялық қызметті жетілдіруді тапсырған болатын. Министрлік осы бағыт бойынша жұмыстарды бастады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале