13.10.2023, 17:12
Оқылды: 47

"Uniserv Medical Center-де” қазан айы бойы әйелдер маммографиядан тегін өте алады

Қазан айы – қайырымдылық айы. Оған қоса, осы айда еліміз Республика күнін атап өтеді. Еліміз үшін маңызды ұлттық мерекенің құрметіне "Uniserv Medical Center" көпбейінді клиникасының құрылтайшысы Нұрғазы Сәтбаевтың бастамасымен бірден бірнеше акция жарияланды.

IMG-20231013-WA0182
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек,  үш айдың қорытындысы бойынша ең көп таралған қатерлі ісік ауруының түрі - сүт безі онкологиясы саналады.

Сондықтан біз әйелдердің денсаулығына ерекше назар аударуды жөн көрдік. Біздің клиникада ең жаңа цифрлық аппарат – маммограф бар. Қазан айы бойы әйелдер маммографиядан тегін өте алады. Бүгінгі таңда 160-қа жуық әйел осы мүмкіндікті пайдаланып, тексеруден өтіп үлгерді және қабылдауға жазылып, кезекте тұрғандар да бар", - дейді "Uniserv Medical Center" клиникасының құрылтайшысы Нұрғазы Сәтбаев.
Сонымен қатар қазан айында кез келген адам "онкологиялық" чекаптан жеңілдетілген бағамен өте алады.
Оған қоса, сәулелі диагностика бөліміндегі пациенттердің саны көп. Сондықтан қазан айының жексенбі күндері компьютерлік томография мен МРТ-дан өтуге ниет білдірушілерге 10% жеңілдік беріледі.
Сандық маммограф, компьютерлік томограф, соңғы үлгідегі МРТ аппараты қауіпті ауруларды бастапқы кезеңінде анықтап, ауруды оңай жеңуге мүмкіндік береді.

"Uniserv Medical Center" клиникасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале