16 қазан Қазақстанда нан күні атап өтіледі. Бұл күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітіліп, астық өнімдерінің мәртебесін нығайтуға бағытталған.
Нан күні сонымен қатар осы құнды өнімді өндіруге қатысушылардың барлығының кәсіби мерекесі.
Отандық шаруалардың еңбегінің арқасында еліміз айтарлықтай астық ресурстарына ие және азық-түлік нарығының маңызды қатысушысы.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны аяқталуда, жұмыстар 15,6 млн гектарға (90,2%) жүргізілді. Орташа өнімділігі 9,3 ц/га болған кезде диқандар 14,6 млн тонна астық бастырған.