18.10.2023, 21:08
Оқылды: 83

Жәнібек ауданында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, оған кеңес мүшелері, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

FB_IMG_1697631400002

- Баршаңызға мәлім, біздің аудан шекаралық аймақта орналасқандықтан, ауыл тұрғындарының шекаралық тәртіпті сақтауларын, малды бағусыз жібермеуін, өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету біздің міндетіміз. Осы орайда біз уәкілетті органдармен бірігіп, кешенді профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, жергілікті тұрғындардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізуіміз қажет. Осыған орай бүгін аудан әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізуді жоспарлаған болатынбыз. Кеңесте ауданымыздағы шекара ахуалы жөнінде мәселелер қаралатын болады, - деді кеңеске төрағалық еткен аудан әкімі Тимур Шиниязов өзінің кіріспе сөзінде.

FB_IMG_1697631395870

Кеңестің күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

"Шекара маңында орналасқан жергілікті тұрғындардың шекараға қатысты құқыққа қайшы іс-әрекеттерін болдырмау, заңсыз көші-қонның алдын алу туралы" Жәнібек ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы, подполковник Қуанышбек Нүсіп, "Ауыл шаруашылғы және үй жануарларының мемлекеттік шекара тәртібін бұзу деректерінің алдын алу туралы" Борсы ауылдық округінің әкімі Зинхар Бақтығалиев пен Қамысты ауылдық округінің әкімі Нұрлан Аюпов хабарлама жасады.

Кеңес отырысын аудан басшысы Тимур Серікұлы қорытындылады.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале