Бүгінде елімізде 1,7 миллион қазақстандық несиесін төлей алмай жүр. Олардың қарызы - 1,4 триллион теңге. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.
"Қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан аса адамның қарызы бар. Соңғы 1,5 жылда бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 триллион теңге. 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді", - деді төраға Мәжілісте өтіп жатқап Парламенттік тыңдауда.
Ерлан Қошанов мәселенің себебіне тоқталды. Қазіргі таңда жасөспірімдер де кредит алатын болған.
"Менің ойымша, қаржы ұйымдары да тиісті рөлін атқарып отыр. Мұнда қаржы институттарының тартымды жарнамасы бар. Мәселе - несие алу процедурасының жеңіл болуы мен қолжетімділігі. Бүгінде 14-16 жастағы жасөспірімдер де онлайн несие ала алады. Ол үшін тек смартфон мен интернет болса жеткілікті. Бұл жаста қаржылық жауапкершілік болуы мүмкін бе? Салдарынан олар үшін бұл несиелерді ата-аналары мен ата-әжелері төлейді", - деді ол.
Мәжіліс төрағасы кейбір жағдайда тұрғындар орынсыз кредит алатынын атап өтті.
"Адамдар ойланбастан несие ала бастады. Кейде мүлдем керек емес нәрселер үшін. Екі немесе одан да көп несиенің болуы әдеттегі тәжірибе болды. Содан кейін, осындай құлдықтан құтылу және адамдар бұрынғыларын жабу үшін жаңа несиелер алу мақсатында банктерге қайта-қайта жүгінуге мәжбүр. Мұндай мысалдар көп. Содан кейін сұрақ туындайды. Бұрынғы несиелер әлі жабылмағанын біле отырып, банктер мұндай несиелерді қалай береді?", - деді Мәжіліс төрағасы.
Оның айтуынша, несие алғанда келісімшартты түсініп оқу керек.
"Тәжірибе адамдар банк келісімшарттарының талаптарын түсінбейді. Осы асығыс әрекеттердің барлығы кейін ажырасуға, алкоголизмге, суицидке, лудоманияға әкелетінін көрсетті. Қаржылық тұзақтан құтылғысы келетін адамдар "тез ақша табу" жолында қаржы пирамидалары мен мен алаяқтықтың оңай құрбаны болады", - деді Ерлан Қошанов.
Аяз Есен,