22.10.2023, 17:39
Оқылды: 85

Мұхит еліндегі сабантой

Кеше Қаратөбе ауданына қарасты Саралжын ауылдық округінде "Республика күні" мерекесі  және ауыл шаруашылығы күніне орай ауылдық округтегі шаруа қожалықтары бас қосып, сабантой өткізді.

InShot_20231022_172101281

Мерекелік іс-шараларды өткізуді жыл сайынғы игі дәстүрге айналдырған ұйымшылдығы мен бірлігі жарасқан саралжындықтардың бұл құптарлық ісі өзгелерге үлгі болмақ.

Сабатой 4

Айтулы іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған ауылдық округ әкімі Самғат Зейнуллин,  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин, аудандық мәслихаттың депутаты Амангелді Мырзағали ауыл шаруашылығы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, үздіктерді марапаттады.

Сабантой 2

Сала үздігі Ізбасар Төлегенов "Елеулі еңбегі үшін" медалымен  марапатталды. Сонымен қатар округтегі бір топ ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлеріне алғысхат пен сыйлықтар табысталды.

Ауа-райының қолайсыздау болғанына қарамастан сабантой мерекесін тамашалауға келген жұртшылықтың қарасы көп болды. Ауыл шетіндегі мерекелік іс-шаралар өтетін арнайы алаңда дала қызықтары ұйымдастырылды.

Аламан бәйге, құнан жарыс, тай жарыс және командалық көкпардан аудандық жарыс сынды ұлттық ойындар ойнатылып, тойдың көркі қызды.

Ұлттық көкпар ойынына Саралжын ауылының тумасы, елімізге белгілі спортшы Артур Үмбетқалиев арнайы 300 мың теңге жүлде қорын тігіп, демеушілік жасады.

InShot_20231022_173645526

Дала қызықтары командалық көкпар ойынымен басталды. Бұл сайысқа ауданымыздың қаратөбе ауылының "Дауқара батыр", "Үшағаш", "Аққозы" және саралжындық "Ақбақай" командалары қатысты. Ойын барысында финалға шыққан қаратөбелік "Дәуқара батыр" және "Үшағаш" командалары тартымды ойын өрнегін көрсетіп, 3-те 1 есебімен қаратөбеліктер жеңіске жетті.

Жеңімпаз қаратөбеліктер 150 мың теңгенің сертификатына ие болды. ІІ орын "Үшағаш" командасына бұйырып,  80 мың теңгенің сертификатымен, ІІІ орынға табан тіреген "Аққозы" командасы 50 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Ал, көкпарда ойын көрсеткен саралжындық "Ақбақай" командасына  20 мың теңге ынталандыру сыйлығы табысталды.

Тай жарысында 10 тай 6 шақырымға шапты.

Өтеген Серіктің "Баязит" атты тайы өзгелерден оза шауып, бірінші мәреге жетіп,  50 теңгенің сертификатын иеленді. Екінші болып Жаңғазы Орынбасаровтың "Жұмбақ жирені" мәреге жетті. Жеңімпаз 30 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. Сабыр Бақдаулеттің "Найза" атты тайы мәреге  ІІІ болып жетіп, 20 мың теңгенің сертификатын иеленді.

Келесі кезектегі құнан бәйгесінде 8 құнан 12 шақырымға шапты.

Алдына жан салмаған Бағдат Бердешовтың "Сәуле" атты жүйрігі  І орынды жеңіп алып, 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Ришат Рысқалидың  "Айтөбелі" мәреге екінші болып жетіп, 60 мың теңгенің сертификатына ие болса, Арон Өтеғалиевтің "Жирен қасқасы" ІІІ орынды иеленді. Жүлдегерге  40 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Сабантой 8

Аламан бәйгеде  9 ат 18 шақырымға шапты. Алдына жан салмаған Жанғазы Орынбасаровтың "Граф" атты сәйгүлігі бірінші болып мәреге жетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Бірінші орынды иеленген жеңімпазға 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.

ІІ орын  Ертас Бисеновтің "Қарақатына" бұйырып, 100 мың теңгенің сертификатына ие болса, үшінші орынға Әзілхан Рақымның "Жаужирені" табан тіреді. Жүлдегерге 50 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

                                                 Ерболат Мырзағұлұлы, 

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале