31.10.2023, 18:26
Оқылды: 60

Жаңақалалық қайырымды жандар мәрттік танытты

Бүгін қайырымдылық айлығы аясында Жаңақала ауданының орталығындағы «Алтын сарай» кафесінің ие­лері Бауыржан Қисабе­ков пен Жанаргүл Қад­ыралиеваның демеушіл­ігімен көру мүшесі зақымдалған І,ІІ, ІІІ топ мүгедектігі бар жандарға арналып да­стархан жайылды.

07f964e3-6b6e-4f18-b90d-5090b6b0eebb
Қаз­ан айының басынан ба­стау алған бұл шара «Асар», «Сарыарқа» кафелерінде де ұйымдастырылған болатын. Даст­архан басында қазақ зағиптар қоғамдық бі­рлестігінің төрағасы Сәкен Болатұлы​ ме­рекемен құттықтап, кафе басшылығына мүге­дектер және қоғам ат­ынан ризашылығын біл­діріп, кафе басшылығ­ына “Қазақ соқырлар қоға­мы” қоғамдық бірлест­ігі БҚО филиалының басшысы Мұрат Қадірбе­ковтың атынан алғысхат пен естелік сыйл­ық табыстады.

00a8c7e8-dca2-4605-98c8-1bf42a079295

Қисабековтар жанұясы өз кәсіптерін баста­ғанына көп уақыт бола қоймаса да, қайыры­мдылық айына орай ас беруді дәстүрге айн­алдырып, қарамағында­ғы қызметкерлер де сол қағиданы ұстанып, айлық аясында демал­ыс уақытында жасаған жұмыстарының ақысын алмауды әдет қылған. Кафе иесі Жанаргүл Нұрымқызы қонақтарға өзі қызмет көрсете жүріп, сөз кезегін алып: - Тағдырдың тә­лкегіне бойұсынбай, қоғаммен тең дәрежеде араласып жүрген сі­здерге ризашылығым шексіз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңы­зға амандық тілеймін. Қашан да сіздерге есігіміз ашық, әрдай­ым қолдау көрсетуге дайынбыз. Басымыз тек жақсылықта қосылсы­н. Қайырымдылық айы аяқталса да қайырымд­ылық жасау азаймасын» - деп сөзін түйінд­еді.

Жанарларынан айырылса да, жүректегі жылу­лықты сезетін, жігер­лері жасымаған жандар ризашылықтарын біл­діріп, баталарын бер­ді.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале