2.11.2023, 17:00
Оқылды: 49

Атты қора емес, заң сақтайды!

Сақтардың заманынан мирас болып келе жатқан атқа міну мәдениетіне мәртебе беретін, ұлттық ат спортымызды серпінді дамытатын күнге жеттік. ҚР Конституциясында да ат спортына қатысты бірқатар заң қолданысқа енгізу қажет.

сырым логомен дала (8)

Неге? Себебі бабалардың аманатына қиянат жасауға қақымыз жоқ. Бұл жерде «Ат спортына қатысты заңнама жобасы қандай болмақ?» деген сауал туындайды. Түсіндіріп көрейік:

  1. Кәсіпқой бапкерлерді, шабандоздарды дайындайтын мектепті ашу.
  2. Ат спорты қаржылай қолдауға мұқтаж. Үкіметтің бюджеті мен ұлттық қор ұлттық спортты тікелей қолдауы тиіс.
  3. Бапкерлер мен нұсқаушыларды іріктеу кезінде бірінші кезекте кәсібилігін, ар-намысының тазалығы, қас-қағым сәтті қалт жібермейтін қырағылығы, жылқы мінезділігі, біліктілігі, логикалық және абстрактикалық ойлау қабілеті, сезімталдығына аса назар бөлу қажет.
  4. Орынсыз жерлерде орын басып қызмет жасайтын «кездейсоқ» мамандар болады. Жігерсіз, талапсыз маман қай салаға да кедергі. Сондықтан ат спортының басында арнайы тәжірибелік оқу-жаттығулардан өткен мамандар қабылдануы тиісті.
  5. Көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, ат үстіндегі күрес сайысы түрлерінен жарыстарды ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастыру. Сайыстың ережесі мен бағдарламалары, жоспары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы бұйрығымен қабылдануы қажет;
  1. Қазақтың ұлттық ат спортын әлемдік спортқа айналдыру үшін кем дегенде жаһанның 27-30 мемлекетінде біздің ереже қолданылуы тиіс.
  1. Ат спортына мықты жылқы керек. Қазақстан аумағында, барлық облыс орталығында жылқы зауыттары ашылуы қажет. Оны заңмен аша аламыз.
  1. Мал шаруашылығы университеттерінің зоотехника факультетінен ұлттық ат спортына қажетті зоотехник-селекционерлерді дайындайтын курс жұмысын бастау.
  1. Республикада табиғаты тамаша туризм орындары көп. Біздерге осы жерлерде ат туризмін дамыту керек. Бұл – ауыл шаруашылығы министрлігінің мүддесінде болуы тиіс жұмыс.

Ат туризмі бізге не береді? Біріншіден, мал шаруашылығына қажетті кәсіпқой мамандарды дайындаймыз. Екіншіден, жастарды экология мәдениетіне тәрбиелейміз. Үшіншіден, ат туризмі мен шипалы қымыз-шұбатпен емдейтін сауықтыру кешендерін ашып, халықтың репродуктивтік қабілетін артырамыз. Төртіншіден, отандық және шетелдік қонақтарға Қазақстанның сұлу табиғатының аясында дем алуына қызмет жасаймыз, ұлттық валютаның қорын толықтырамыз. Бесіншіден, шипалы қымыз бен шұбаттың кластерын құрып, жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың алдын алып, иммунитетті күшейтеміз. Алтыншы, үйірлі жылқы мен түйе шаруашылығын дамыту арқылы, ұлттық органикалық азық-түлік қорын жасақтап, жалпыға қолжетімді жасаймыз. Жетіншіден отандық жеңіл өнеркәсіп экологиялық таза шикізаттармен толығады.

Жалпы Қазақстан Республикасына мал шаруашылығына ғылыми негізге қарайтын уақыт жетті. Мал шаруашылығына қалдықсыз технологияны енгізу арқылы сүйектен ұн, тезектен органикалық тыңайтқыштарды шығарсақ, төрт түліктің жұқпалы, жұқпалы емес ауру түрлерін 70-80 % азайтар едік. Қазақстандағы ауылшаруашылық унивирситетінің магистранттары мен аспиранттардың курсантарынан экологиялық жасақ дайындаймыз. Қазақ мемлекетіне өмір сүру жер, жер сапалы болуы жайылыс алқаптарын, деградацияға ұшыраған аймақтарды қалпына келтіру қажет. Ол тек ғалымдардың қолынан ғана келеді.

 

Алтай Зейнуллин,

эколог-ғалым,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале