2.11.2023, 20:47
Оқылды: 72

Жаңақалада ата-аналарды қолдау орталығы құрылды

Жаңақала ауданында 2023-2024 оқу жылының басты жаңалықтарының бірі – республика бойынша Біртұтас Тәрбие Бағдарламасының қолданысқа енгізілуі. Бағдарлама ұлттық мүдде, ар-ұят, талап деген үш құндылыққа негізделіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге бағытталған. Осы бағдарламаның бір бөлімі – ата-аналарды педагогикалық қолдау. ​Жаңа бастаманы жүзеге асыру мақсатында Жаңақала ауданының 3 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы құрылып, өз жұмысын бастап кетті.

e9658ad5-88c1-4bc1-b59f-3c3e2e9d0873

Бағдарлама аясында педагогикалық қолдау сабақтары ұйымдастырылып, ата-аналардың мектепке сын айтып, мін тағуға ​емес, бала тәрбиесіне қатысты үлкен қолдау іздеп келуге деген ұмтылысына нық сенім ұялатуға анық қадамдар жасалды.

7f8c9b44-1c88-4c7e-a7cf-1b5913d0289e

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын әрі қарай табысты жалғастырарына сенімі мол.

3464b69d-3fba-406c-ba2b-919a43f8f79e

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале