3.11.2023, 17:15
Оқылды: 26

Шыңғырлаудағы «Хор» ұжымына 25 жыл

Биыл Шыңғырлау ауданындағы халықтық «Хор» ұжымының құрылғанына 25 жыл толып отыр.

хор4

 Соған орай аудандық мәдениет үйінде халықтық аталмыш  ұжым «Сиқырлы сазды әуен» атты есептік концертін берді.

 1998 жылдың тамыз айында құрылып, 2013 жылы «Халықтық хор ұжымы» деген атау алған.

Көптеген жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан ұжымның жетекшілік тізгіні қазіргі таңда А.Оңғаралиеваның қолында.

хор2

 Кештің шымылдығы өнерпаздардың өлең шумақтарын оқуымен ашылып, А.Исекенов жетекшілік еткен аудандық балалар музыка мектебінің «Гәкку» балалар хорының әсем әніне жалғасты.

Ары қарай сахна төрінен халықтық «Хор» ұжымы орын алып, көрерменге өнерлерін паш етті.

Жиналған өнер сүйер қауымға арналып ән мен бірге би де биленді, көрініс те қойылды. Шара «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

Тәнті болған көрермен өнерпаздарға ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнап жатты.

 Кеш соңында ұжымға аудан әкімі М.Өміралиев атынан алғысхат табысталды.

                                                                                 Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале