"Ғарыш Сапары Ұлттық компаниясы" АҚ ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес 5552 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін анықтаған. Бұл туралы экология және туризм министрлігі хабарлады.
Олардың 3831-і немесе 70% -ы жойылған.
Экология, полиция департаменттері мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың жолын кесу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген. Қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындарын түгендеу және анықтау бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар апта сайын жүргізіліп келеді.
Барлығы - 4632 рейд болған.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерге үнемі мониторинг жүргізіліп, қоқысты шығару мен жоюға бейнебақылау күшейтілген.
Бүгінгі таңда қоқыстарды жою бойынша ең жоғары көрсеткіш Қызылорда мен Абай облысында және Шымкент, Алматы қалаларында байқалады. Ал Маңғыстау мен Ұлытау облысында және Астана қаласында көрсеткіш төмен.
Қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу және залалсыздандыру бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жалпы 16,4 млн теңгеге 149 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Министрліктің хабарлауынша, соңғы үш жылда анықталған рұқсат етілмеген полигондар санының төмендеген.
Мәселен, 2020 жылы – 5823 үйінді, 2021 жылы - 6740 үйінді, 2022 жылы – 4331 үйінді жойылған.