Кешегі 1918-1923 жылдары Орта Азия елдеріндегі кеңестік большевиктерге қарсы күрескендердің бас көтерулерін «басмашылар» деп атағаны белгілі. Осы орайда «басмашылар» деген кімдер деген заңды сұрақ туады?

Ол туралы түркістандық ғалым Баймырза Хаит: «Басмашылар қозғалысы- түркі халықтарының ежелден басқыншыларға, отаршылдарға жан беріп, жан алысқан ұлт-азаттық күресінің заңды жалғасы. Басмашылар өздерінің төл мемлекетін, ұлтын, елін, жерін, отбасы мен оның ошақ қасын, еркіндігі мен азаттығын, адамдық құқы мен бостандығын қорғаған патриоттар» деп жазды.
Ал белгілі қазақтың қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай: «Түркістандағы орыс диктатурасына қарсы күресушілер, Түркістанды құтқару жолында қан төгіп, жан пида етушілер Сұлтанбек Қожанұлы, Смағұл Сәдуақасұлы, Рахым Анғамұлы және басқалар большевиктер үшін «басмашылықтың» басқа түрдегі көрінісі еді» деп атады.
Жалпы Түркі халықтарының азаттық жолындағы сансыз күресінің айғағы болып табылатын басмашылар қозғалысына қазақ азаматтары да бір кісідей қатысады.
Айталық, Д.Әділұлы деген қазақ азаматы басмашылар қозғалысына Балқаш маңынан қырық жігітті ертіп апарса, Мәскеу әскери училищесін бітірген Қалқаман есімді азамат бір топ жігітпен Ақмоладан барады. Бұдан өзгеде деректерді көптеп келтіруге болады.
Қорыта айтқанда, басмашылар қозғалысы большевизм тұсында түрік бірлігін нығайту мен түрік халықтарының тәуелсіздігін алуға жұмылдырылған күрес ретінде көрініс тапқан қозғалыс десек, қате айтпағанымыз.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz